СЫНИ ОЙЛАУ МЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМДАУ ҚАБІЛЕТІ САРАЛАНДЫ

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектепте 9–11 сынып оқушылары арасында «Сыни ойлау және философия» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.

Зияткерлік дода оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, олардың сыни және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге, философиялық тұрғыдан пайымдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, олимпиада жасөспірімдердің өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізуіне, түрлі пікірлерді саралап, нақты дәлелдер арқылы өз ұстанымын қорғауына мүмкіндік берді.

Бүгінде білім беру жүйесінде оқушылардың тек теориялық білімді меңгеруімен қатар, алған білімін өмірлік жағдайларда қолдана білуі, ақпаратты талдау және саралау, мәселенің себеп-салдарын анықтау, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамытуға ерекше мән берілуде. Осы тұрғыдан алғанда, сыни ойлау мен философиялық көзқарасты қалыптастыратын зияткерлік байқаулардың маңызы зор.

Олимпиада барысында жоғары сынып оқушылары түрлі мазмұндағы тапсырмаларды орындап, өздерінің білім деңгейін, дүниетанымын және интеллектуалдық әлеуетін көрсетті. Қатысушылар ұсынылған сұрақтарға жауап беру кезінде мәселеге жан-жақты қарауға, ақпаратты салыстыруға, логикалық байланыстарды анықтауға және нақты тұжырым жасауға ұмтылды.

Сондай-ақ, білім додасы оқушылардың пікір білдіру мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын дәйекті әрі дәлелді түрде жеткізуіне ықпал етті. Философиялық мазмұндағы тапсырмалар арқылы жасөспірімдер адам, қоғам, білім, құндылық, жауапкершілік секілді маңызды ұғымдарға өзіндік көзқарас тұрғысынан талдау жасауға мүмкіндік алды.

Мектепішілік кезеңге қатысқан әрбір оқушы өз білімін сынап қана қоймай, жаңа ізденістерге жол ашатын тәжірибе жинақтады. Мұндай олимпиадалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, интеллектуалдық әлеуетін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Білім додасына белсенді қатысып, өздерінің білімдері мен ізденімпаздықтарын танытқан оқушыларға алғыс білдіреміз. Жас зияткерлерге алдағы олимпиадалар мен түрлі білім сайыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, аудан абыройын асқақтататын жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз.

Осындай зияткерлік шаралардың жүйелі түрде өткізілуі – білім алушылардың жан-жақты дамуына, дербес ойлау қабілетінің қалыптасуына және бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиеленуіне берік негіз қалайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *