Түркістан облысы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Ерсұлтан Жаңабайұлының төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Мәжіліске облысқа қарасты қала және аудандық Мансап орталықтарының директорлары қатысты.
Жиын барысында ағымдағы айға жоспарланған көрсеткіштердің орындалу барысы қаралып, жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Қала және аудан Мансап орталықтарының басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді ортаға салды.
Кеңес барысында орталық директоры Ерсұлтан Байбатчаев жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуының маңыздылығына тоқталып, жоспарлы көрсеткіштерді уақтылы әрі нәтижелі жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту, жастар мен жұмыссыз азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.
Жиын қорытындысында айлық жоспарлардың орындалуын күшейту, халықпен кері байланысты арттыру және нәтижелі жұмыспен қамту шараларын жүйелі түрде іске асыру жөнінде бірқатар міндеттер жүктелді.


