СОЗАҚ: АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР МЕН АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒАҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданға қарасты ауылдық округтер мен кент әкімдері алтын құрсақты аналар мен ақ жаулықты әжелердің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Аудан басшысының тапсырмасына сай ұйымдастырылған игі шара барысында ардақты аналардың иығына ақ жаулық орамал жауып, сый-сияпаттар табыс етілді. Елдің берекесі мен бірлігінің ұйытқысы болған асыл жандарға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.
Сонымен қатар бірқатар ауылдық округтерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, аналар мен әжелерге арналған концерттік бағдарламалар өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *