2026 жылғы ақпан айында жұмыс берушілер Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында шамамен 99 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырды.
Қаңтар айымен салыстырғанда:
— бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға азайды
— түйіндемелер саны 23,1%-ға қысқарды
Жұмыс күшіне сұраныс негізінен әлеуметтік сала мен қызмет көрсету секторында сақталуда:
— білім беру – 26,9 мың бос жұмыс орны;
— өзге де қызметтер – 14,6 мың;
— денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 9,4 мың;
— өңдеу өнеркәсібі – 8,6 мың.
Қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Бос жұмыс орындарының біліктілік құрылымы:
— 44,2% – орта біліктілікті;
— 34,4% – жоғары білікті мамандар;
— 21,4% – біліктілігі жоқ.
Өңірлер бойынша бос жұмыс орындары қай жерлерде көп?
Павлодар облысы – 8,1 мың;
Астана қаласы – 7,8 мың;
Түркістан облысы – 7,4 мың;
Қарағанды облысы – 6,6 мың;
Алматы қаласы – 6,3 мың.
Жұмыс іздеуде қай өңір тұрғындары белсенді?
Ең көп түйіндеме жариялағандар:
— Түркістан облысының тұрғындары – 16,8 мың;
— Астана қаласының тұрғындары – 10,2 мың;
— Алматы облысының тұрғындары – 9,5 мың;
— Алматы қаласының тұрғындары – 9,2 мың.
Жұмыс іздеушілердің ең белсенді санаты – 35 жасқа дейінгі жастар (42,3%).
Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы:
— мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі инженер-әзірлеуші – шамамен 3,6 млн теңге;
— құрылыс саласындағы жобаның бас технологы – шамамен 2,8 млн теңге;
— материалтану жөніндегі техник – шамамен 2,2 млн теңге.
Ең жоғары жалақы күтетін жұмыс іздеушілер:
— ұшқыштар – шамамен 3,3 млн теңге;
— инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар – шамамен 2,1 млн теңге;
— оқу курстарын әзірлеушілер – шамамен 2 млн теңге.
Жалпы алғанда, ақпан айында еңбек нарығындағы белсенділік жыл басымен салыстырғанда аздап төмендеді. Сонымен қатар сұраныс құрылымы тұрақты болып отыр – жұмыс берушілер бұрынғыдай әлеуметтік сала, қызмет көрсету және жұмысшы мамандықтарының мамандарына мұқтаж.
