«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында аудан аумағында кең көлемді тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Аталған сенбілікке аудан бойынша 400-ге жуық тұрғын белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстарына арнайы 20 техника жұмылдырылып, елді мекен көшелері, қоғамдық орындар, арық-атыздар мен жол жиектері қоқыстан тазартылды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді.
«Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

