САУРАН: АУДАНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен жиын өтті. Мәжіліске ауылдық округтердің ауыл шаруашылығы мамандары мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы жан-жақты талқыланды. Мамандар айдалған жер көлемі мен егілген егіс алқаптары бойынша толық мәліметтер ұсынды. Бұл бағыттағы жұмыстардың уақытылы әрі сапалы жүргізілуінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Үш жақты келісімшартта белгіленген І тоқсан тапсырмаларының орындалу деңгейі сараланды. Ет және сүт өнімдерін өндіру көрсеткіштері, сондай-ақ ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мәселелері кеңінен сөз болды. Әрбір ауылдық округ бойынша нақты көрсеткіштер қарастырылып, кемшіліктер мен жетістіктерге жеке-жеке талдау жасалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай мен минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету барысы. Бұл ретте шаруашылықтардың қажетті ресурстармен толық қамтылуы басты назарға алынып, тиісті тапсырмалар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *