Бүгін Наурызнаманың онкүндігі аясында Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйінде мәдениет майталмандары Қасым Байбеков, Ирисқул Аббасов ағаларымызбен тағылымды кездесу кеші өтті. Шара барысында өнер иелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылық жолдарындағы қызықты сәттерді әңгімеледі.
Кездесу кеші көрерменге ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнерге деген құрмет пен қызығушылықты арттырды. Өнер майталмандарының әрбір сөзі мен өнегесі – жас ұрпаққа үлкен үлгі.
Осындай мазмұнды шаралар арқылы өнердің қадірін ұғындырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – басты мақсатымыз.
Өнер бар жерде – өмір бар!
