Наурызнама аясындағы Ұлттық спорт күні – тек мереке емес, бұл ұлт рухын жаңғыртатын, ата дәстүрді дәріптейтін ерекше күн. Биыл бұл айтулы дата тарихи шаһар Түркістан төрінде бұрын-соңды болмаған ауқымда атап өтілуде.
Наурыз қарсаңында заманауи халықаралық атшабар ашылып, ұлттық спорттың 10 түрінен ірі жарыстар ұйымдастырылуда. Бұл – дәстүр мен дамудың үйлескен айқын көрінісі.
— Дүбірлі додалар: Көкпардан Әлем чемпионаты
— Аударыспақтан «Қазақстан қабыланы» турнирі
— Дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты
— Теңге ілуден Азия кубогы
— Жамбы атудан республикалық турнир
— Аламан бәйге
— Асық атудан Әлем кубогы
— «Толағай» алыптар сайысы
— Қазақ күресінен «Түйе палуандар» турнирі
Бұл жарыстар – тек спорт емес, ол ептілік пен ерліктің, күш пен парасаттың, ұлттық болмыстың айнасы.
Түркістан енді тек рухани астана емес – ұлттық спорттың халықаралық орталығына айналуда.
Мыңнан астам адамның бір мезетте асық ойнап, әлемдік рекорд орнатуы – тарихи сәт!
Ұлттық спорт – өткеннің сарқыншағы емес, болашақтың қуатты ресурсы.
Ендеше, рухты оятқан Ұлттық спорт күні құтты болсын!
