СОЗАҚ: АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай Созақ ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық шараға ауданның бөлім, мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен жастар белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында аудан аумағында ауқымды жұмыстар атқарылып, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінді.
Атап айтқанда, Тазару күні аясында 5 мыңға жуық тал көшеттері отырғызылып, бұлақтар мен арық-атыздардың арналары тазартылды. Сонымен қатар ауыл аумақтары абаттандырылып, қоршаған ортаны көркейту бағытындағы ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Жалпы сенбілікке 3000-ға жуық адам қатысып, нәтижесінде 50 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында 12 арнайы техника жұмылдырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *