Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Отырар ауыл округінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлық сезімін арттыру.
Сенбілікке ауыл тұрғындары, жастар белсенді қатысып, ауыл аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жұмылды. Қатысушылар көшелерді, қоғамдық орындарды және әлеуметтік нысандардың айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, арық-атыздарды ретке келтірді. Сонымен қатар, тазалық жұмыстары барысында қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды.
Экологиялық акция аясында атқарылған жұмыстар ауылдың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін нығайтуға да ықпал етуде. Қоршаған ортаны таза ұстау – бір күндік науқан емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды міндет.
«Таза Қазақстан» акциясы бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен қолдау тауып, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосуға үндейтін маңызды қоғамдық бастамаға айналды. Осындай шаралардың нәтижесінде ауылдардың санитарлық жағдайы жақсарып, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен қоғамдық жауапкершілігі арта түсуде.
Отырар ауыл округінде мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Таза ауыл – тұрғындардың ұйымшылдығы мен ортақ жауапкершілігінің айқын көрінісі. Бірлескен еңбек арқылы ғана туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ете аламыз.
