САУРАНДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ САЙЛАУЫ ӨТУДЕ

Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі әкімінің лауазымына сайлау өтуде. Қарашық ауылдық округінің халық саны – 11 361 адам, Қарашық, Құмтүйін елді мекендерін құрайды. Жалпы сайлау құқығы бар азаматтардың саны – 5275, оған №73, №74, №78, №896 сайлау учаскелері қарайды.

Аталған сайлау учаскелерінде таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Сайлауға алғашқы келген тұрғындарға естелік сыйлықтар үлестірілді.

Сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беру қарқыны жоғары. Ауылдық округте тұрғындар тарапынан мерекелік көңіл күй сезіліп жатқанын айтуымыз керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *