ШӘУІЛДІРДЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және заң талаптарын бұлжытпай орындау – Әділетті Қазақстанды құрудың негізгі қағидаттарының бірі екенін үнемі атап келеді. Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты ел тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін күшейтуге және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ Шәуілдір ауылындағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, кәсіпкерлермен кездесіп, кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында кәсіп иелеріне санитарлық тазалық талаптарын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, қоршаған ортаны ластамау, заң талаптарын орындау, сауда және қызмет көрсету нысандарының айналасын тұрақты түрде абаттандыру, жасыл желектерді күтіп-баптау және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Жұмысшы топ мүшелері кәсіпкерлерге тазалық мәдениеті мен қоғамдық тәртіпті сақтау әр азаматтың және әрбір кәсіпкердің ортақ міндеті екенін атап өтті. Өйткені, таза әрі көрікті аумақ тұрғындарға жайлы орта қалыптастырып қана қоймай, ауданның инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыруға да оң ықпал етеді.

Мониторинг барысында санитарлық талаптарды сақтамаған бірқатар кәсіпкерлік нысандары анықталып, олардың иелеріне заң талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жою жөнінде ескерту беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.

Бүгінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы тек сенбілік өткізумен ғана шектелмейтін ауқымды экологиялық қозғалысқа айналып келеді. Оның басты мақсаты – әр тұрғынның туған жеріне жанашырлықпен қарап, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруына ықпал ету. Бұл бағыттағы жұмыстарда кәсіпкерлердің белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігі ерекше маңызға ие.

Таза көше, көрікті кәсіпкерлік нысандары және заң талаптарының сақталуы – өркениетті қоғамның айқын көрінісі. Сондықтан, аудан аумағының тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *