СОЗАҚТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Халықтың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осыған орай, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдірумен қатар, тұрғындар мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Созақ ауданында да жүйелі түрде іске асырылып келеді.

Аудандық орталық емханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты емхана бөлімдері уақытша аудандық аурухана ғимаратында орналасып, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде.

Осы кезеңде медициналық қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етумен қатар, келушілер мен медицина қызметкерлерінің жайлылығын арттыру мақсатында емхана бөлімдеріне кондиционерлер орнату жұмыстары қолға алынды.

Бұған дейін бөлімдерді аралау барысында қызметкерлер мен келушілер тарапынан айтылған ұсыныстар ескеріліп, мекеме басшылығының қолдауымен қажетті ұйымдастыру шаралары қабылданды.

Қазіргі таңда емхана бөлімдеріне кондиционерлер кезең-кезеңімен орнатылып, тұрғындар мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастырылуда.

Халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру және қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

              

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *