?Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «Менің шуақты қалам!» атты сурет салу байқауы өткізілді.
?Байқаудың басты мақсаты-талантты, өнерлі балаларға қолдау көрсету, қылқалам өнерін насихаттау, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
?Байқау ережесіне сәйкес балалар асфальтта, моьбертте сурет салудан сынға түсті.
?Нәтижесінде барлық байқауға қатысушылар мен тәрбиешілерді аудан әкімі орынбасары — БЕКНАЗАРОВ Ерлан Нұрланұлы құттықтап, аудан әкімі атынан арнайы алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
?Еске сала кетейік, іс-шараға «Үш бұлақ» жазғы демалыс лагерінің қатысушылары қалалық білім басқармасының #4 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қорғау орталығы тәрбиеленушілері белсенді қатысты.
?Балаларға іс-шара барысында арнайы аниматорлар тарапынан ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.
