Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Мемлекет басшысы кездесуде Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды, деп хабарлайды kalam-news.kz.
Қазақстан Президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.