Бес жыл тұрақтылық: қылмыссыз ауыл тынысы

Түркістан облысы Сауран ауданында орналасқан Серт ауылында соңғы 5 жыл бойы тұрақты әрі қылмыссыз ахуал сақталып келеді.

Осы уақыт аралығында ауылда бірде-бір ауыр қылмыс тіркелмеген.
Бұл тұрғындардың ауызбіршілігі, өзара құрметі және жоғары азаматтық жауапкершілігінің нәтижесі.

Ауылда 900-ге жуық адам тұрады. Мұнда құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Учаскелік полиция инспекторы тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеп, тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Ашық диалог пен сенім қоғамдық тәртіптің сақталуына негіз болып отыр.

Серт тұрғындары еңбекке, спортқа, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге басымдық береді. Жастар үлкендерден өнеге алып, сыйластық пен жауапкершілікке негізделген ортада өсіп келеді.

Ішімдіктен бас тартқан Серт ауылы — бірлік пен ортақ жауапкершілік қауіпсіз әрі берекелі қоғам қалыптастыра алатынын дәлелдеген ауыл.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *