1 наурыз – Жедел-криминалистикалық қызметтің құрылғанына 107 жыл толуына орай Түркістан облысы Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға жедел-криминалистикалық бөлімдердің қызметкерлері, сала ардагерлері, тәжірибелі мамандар мен жас криминалистер қатысты. Іс-шара барысында департамент бастығы, Арыстанғани Расылханұлы Заппаров криминалистика қызметіндегі сала ардагерлері мен криминалист мамандарды мерекелерімен құттықтап, Сіздер қызмет барысында кәсібилік пен адалдықтың үлгісін көрсетіп, саланың абыройын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Осы ретте баршаңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Барлықтарыңызды кәсіби мерекемен және криминалистика қызметінің 107 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын– деді генерал майор.
Салтанатты жиында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтиже көрсеткен 15 қызметкер мен 7 сала ардагері арнайы алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Үздік криминалист» республикалық байқауына қатысып, қорытындысы бойынша 4-орын иеленіп, «Үздік бейнежазба» номинациясының жеңімпазы атанған Сарыағаш аудандық полиция басқармасының жедел-криминалистикалық тобының криминалисі Олжас Төлегенге құрмет көрсетіліп, құттықтау хаты табысталды.
Шара соңында Түркістан облысы Полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев пен департамент бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев құттықтау лебіздерін білдіріп, криминалистика саласының тәртіп сақшыларына қырағылық тіледі.

