Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлдегер атанған Мақсұт Ахмет пен оның бапкері Бейсембаев Бақытжанды арнайы қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы жас спортшының жетістігі тұтас ауданның абыройы екенін атап өтті. Сонымен қатар спорт саласына жасалып жатқан қолдаулар мен мүмкіндіктерге тоқталды.
Қабылдау соңында жас спортшы мен оның бапкеріне арнайы Алғыс хат пен сый-сияпаттар табыс етіліп, құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 25–27 ақпан күндері Астана қаласында өтті. Дүбірлі додада Түркістан облысының намысын қорғаған созақтық спортшы Мақсұт Ахмет 92 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жас спортшы өткен жылы да облыстық және республикалық чемпионаттардың жеңімпазы атанған. Ел намысын Азия чемпионатында қорғап, күміс жүлдеге ие болған.

