СОЗАҚ: ЖУАНТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындысына сәйкес ауылдық округ әкімі қызметіне Абраев Дәуіржан Жолдасұлы қайта сайланды.
Жуантөбе ауылына арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жаңадан сайланған әкімнің алдағы жауапты қызметіне табыс тіледі. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі түрде жалғастыру, инфрақұрылымды жетілдіру, елді мекенді абаттандыру бағытындағы жұмыстарды қарқынды жүргізу қажеттігін атап өтті.
Сайлау нәтижесін Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Талғат Нағиұлы таныстырып, әкімге қызметтік куәлігін табыс етті. Рәсім барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да ізгі тілектерін білдіріп, сенім артты.
Абраев Дәуіржан Жолдасұлы 1986 жылы 7 ақпанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003–2007 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде білім алып, «философия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *