Сауран ауданы әкімдігінің ішікі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Шорнақ ауылдық округінде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.
Қазіргі таңда жастардың болашаққа сенімді қадам жасап, еңбек нарығына ерте араласуына мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуде. Осы мақсатта ұйымдастырылған кездесуде оқушыларға жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар кеңінен түсіндіріліп, ақпараттық үнпарақтар таратылды. Атап айтқанда:«Болашақ», «СЕРПІН-2050» және ОАОО-ның мемлекеттік гранттары туралы толық ақпарат ұсынылды. Бұл мүмкіндіктер жастарды білім алумен қатар түрлі бағдарламаларға қатысу жолдарын білуге жол ашады. Болашақ бітіруші өз мамандығыңды таңдап,болашағыңа сенімді қадам жаса!


