САУРАН: РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық аудандық коалиция мүшелерінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы мәдениет үйінде референдумға байланысты түсіндіру шарасы өтті.
Жиынға аудандық партия филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердәлі Баймұратов, аудандық Әйелдер қанатының төрайымы Тамара Ерімбет, аудандық «Jastar ruhy» Жастар қанатының төрағасы Бақыт Мыңбай және Мәдениет бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында сөз алған аудандық партия филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ел дамуына тигізер маңызына тоқталды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердәлі Баймұратов жаңа Ата Заң қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтып, халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді.
Ал отбасы мен әйел азаматтардың құқықтарына тоқталған Тамара Ерімбет жаңа Конституция жобасында әйелдер мен отбасы институтын қолдауға ерекше мән берілгенін атап өтті.
Жастар қанатының төрағасы Бақыт Мыңбай жастарға қатысты ұсыныстар мен мүмкіндіктердің кеңейтілгенін айтып, ел болашағы үшін жастардың белсенділігі маңызды екенін атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алдағы референдумда белсенділік танытып, қолдау көрсететіндерін жеткізді.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *