САУРАН: РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ

Бүгін республикалық референдум аясында Шорнақ ауылындағы №67 референдум учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Аталған учаске Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратында орналасқан.
Референдум — ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын саяси үдеріс. Сондықтан әрбір азаматтың қоғамдық маңызы бар бастамаларға бейжай қарамай, өз таңдауын жасау арқылы ел дамуына үлес қосуы маңызды деп санаймын.
Учаскеде дауыс беру процесінің ұйымдастырылу барысымен танысып, комиссия мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледім. Қазіргі уақытта аудан аумағындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру науқаны заң талаптарына сәйкес, қалыпты жағдайда өтіп жатыр.
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *