Бүгін елімізде Жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдум өтуде. Осыған орай аудан тұрғындары жергілікті учаскелерге барып, өз таңдауларын жасауда.
Аудан орталығында орналасқан №694 референдум учаскесінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы тіркеу рәсімінен өтіп, дауыс берді. Аудан басшысымен бірге бөлім және мекеме басшылары да референдумға қатысып, белсенділіктерін танытты. Ұлттық нақыштағы киіммен келіп, мерекелік көңіл-күймен ерекшеленді.
Айта кетейік, таңғы уақыттан бастап аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Алғашқылардың қатарында зейнеткерлер, түрлі сала қызметкерлері, жұмысшылар мен жастар бар.
Созақ ауданы бойынша барлығы 38 референдум учаскесі жұмыс істейді. Аудандағы сайлаушылар саны – 37 527 адам.

