Бүгін жалпыхалықтық референдум аясында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов №37 референдум учаскесіне барып дауыс берді. Қала басшысы дауыс беру учаскесіне кішкентай қызымен бірге келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.
Қала әкімі референдум — елдің дамуына ықпал ететін маңызды қадам екенін айтып, тұрғындарды белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырды.
Жалпы қала бойынша дауыс берушілердің саны 56 099. Олар үшін 35 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Кентау қаласының тұрғындары референдумға белсенді қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасауда.

