Аудан әкімдігі аппараты ғимаратының бірінші қабатындағы «Халықтық кеңседе» мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау өтті.
Іс-шараға аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты дербес бөлім қызметкерлері қатысып, азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы алу, құрылыс және сәулет құжаттарын рәсімдеу, жер учаскелеріне қатысты құжаттарды заңдастыру, әлеуметтік көмектер алу мәселелері көтерілді.
Әрбір өтініш бойынша тиісті сала мамандары нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде кеңестер мен ұсыныстар берді.
