Созақ ауданында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын ҚР ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің Созақ аудандық бөлімінің бастығы, терроризмге қарсы комиссия төрағасының орынбасары Даулет Тастановтың төрағалығымен ұйымдастырылды.
Отырысқа ауданның құқық қорғау органдарының өкілдері, қорғаныс істері және төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ құзырлы мекемелер мен бөлім, ұйым жетекшілері, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты. Жиында аудан аумағындағы қауіпсіздік мәселелері жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Рустем Нұрдәулет баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы мәлімет берді.
Жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, салааралық өзара іс-қимылды үйлестірудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар терроризмнің алдын алу, ықтимал қауіп-қатерлердің салдарын болдырмау және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты ұсыныстар айтылып, тиісті іс-шаралар белгіленді.
