САУРАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сауран ауданы әкімдігінің аппаратысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыстың негізгі мақсаты аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шараларды талдау және олардың тиімділігін арттыру болып табылды.

Отырысты ашқан аудан әкімі Мақсат Таңғатаров мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді таныстырды. Бірінші мәселе ретінде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Бұл бағыттағы шараларды баяндаған Патсаев Асылбек, салалық қызмет көрсету процесінде ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты жұмыстар туралы хабарлады.

Комиссия ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қарады. бұл туралы Насыр Ербол, тіркеу процесінде жемқорлық тәуекелдерін төмендету және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында атқарылған іс-шараларды баяндап, алдағы жоспарларды ұсынды.

Сәулет, құрылыс және қала құрылысы саласындағы мәселелер бойынша баяндама жасаған Сұлтанмұрат Нұрмұхаммед қызмет көрсету сапасын жақсарту, ашықтықты қамтамасыз ету және жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Отырыстың қорытындысында аудан әкімдігі мен бөлімдер алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету және жемқорлық тәуекелдерін азайту жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *