САУРАН: ШОРНАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖОЛДАРҒА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылдық округінде жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар басталды. Атап айтқанда, Р.Атабаев, С.Тәжіков, Ш.Уәлиханов, Қарақұм және Ә.Молдағұлова көшелерінде жалпы ұзындығы 4,8 шақырымды құрайтын жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар елді мекен ішіндегі жолдардың сапасын арттыруға, тұрғындардың қатынау жағдайын жақсартуға және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан қажетті техника мен жұмыс күші жұмылдырылып, белгіленген кестеге сәйкес жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.

Жұмыстар барысын Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып бақылап, сапасына және мерзімінде орындалуына ерекше назар аударды. Аудан басшысы жауапты сала өкілдеріне жол құрылысы жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы, жоспарға сәйкес алдағы кезеңде Шорнақ ауылдық округі бойынша ұзындығы 10 шақырым болатын жолдарға шағал тас төсеу көзделіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауыл ішіндегі жолдардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *