Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді. Мәжілістің мақсаты аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстық жазасын өтеп шыққан тұлғаларды әлеуметтік қолдау, ұрлық қылмыстарының алдын алу шараларын үйлестіру.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындалған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сауран аудандық пробация қызметі бөлімшесінің басшысы, әділет майоры Мурат Курбаналиев, Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дауырхан баяндама жасады. Баяндамаларда әлеуметтік бейімдеу, жұмысқа орналастыру, қоғамға қайта кіріктіру бағытындағы іс-шаралар көрсетілді.
Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, ұрлық қылмыстарының алдын алу. Сауран аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Данияр Түймебаев құқық қорғау органдарының іс-қимылдары, профилактикалық жұмыстар нәтижелері, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары туралы баяндама жасады.
Отырыс барысында ұсыныстар қабылданды, іс-шаралар жоспары бекітілді. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру бағыттары айқындалды.
Аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс деңгейін төмендету, әлеуметтік осал топтарды қолдау жұмыстары жалғасады.

