СОЗАҚ: ЖАС МАМАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Республикалық референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтуіне елеулі үлес қосқан бірқатар жас мамандар Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Мәртебелі марапатты аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы табыстап, құрмет көрсетті.
Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ әдіскері Сағдат Жұмабек және аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері Хамза Жұмаділ марапат иелері атанды.
Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы
-«Сіздер секілді белсенді, жауапты жастар ел дамуына үлес қосып, қоғамда оң өзгерістердің бастамашысы болып келеді. Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін», – деп ізгі тілегін арнады.
Салтанатты рәсімге аудан әкімінің салалық орынбасары мен бірқатар бөлім басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *