ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА САУРАН АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сауран ауданында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық тазалықты сақтау мен қоғамдық орындарды абаттандыруға бағытталған шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсенді түрде қатысты.
Сенбілік жұмыстарына жалпы 1000-ға жуық адам жұмылдырылып, 13 арнайы техника тартылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығарылды.
Тазалық шарасы барысында адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар тазартылып, аяқ жолдар сыпырылып, әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аллеялар мен саябақтардағы шөптер қырқылып, аумақтардың санитарлық жағдайы ретке келтірілді.
Аталған сенбілік қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және аудан аумағын көркейту мақсатында ұйымдастырылды. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *