«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында аудан көлемінде көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Соның бірі Шолаққорған–Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы 3 шақырымға ұлғайтылып, бүгінгі күнге дейін 3000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды.
Алдағы кезеңде тағы 3000-нан астам көшет егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, кеңейтілген аумақты сақтау мақсатында арнайы шарбақтар орнату жұмыстары да жүргізіледі.
Айта кету керек, қазіргі таңда Шолаққорған–Түркістан автожолының екі бойынан жалпы ұзындығы 15 шақырымды қамтитын «Жасыл белдеу» қалыптастырылып, 25 мыңнан астам тал көшеттері егілді.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков көгалдандыру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап, жасыл аймақты дамыту бағытында нақты тапсырмалар жүктеуде.
Жалпы, аталған бастама ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
