Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында республика көлемінде қоғамдық бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Сауран ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі тарапынан Сауран ауданы әкімдігінің «Шорнақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде қоғамдық бақылау жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың негізгі басымдықтарын айқындайтын мемлекеттік қызметті дамытудың тұжырымдамалық құжаттарында белгіленген міндеттерді орындауға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу барысында құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды.
Қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнама талаптарына сәйкес көрсетілуі, қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуы, мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасы мен қолжетімділігі жан-жақты зерделенді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіру мәселелері қарастырылып, жауапты мамандарға әдістемелік және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара шеңберінде азаматтарға қолайлы жағдай жасау деңгейіне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, әкімшілік ғимараттың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі бағаланып, кедергісіз орта қалыптастыру талаптарының сақталуы тексерілді. Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының инклюзивті қоғам құру және барлық азаматтарға тең мүмкіндік жасау жөніндегі тапсырмаларымен сабақтас жүзеге асырылуда.
Қоғамдық бақылау қорытындысы бойынша анықталған мәселелер мен жетілдіруді қажет ететін бағыттар бойынша жауапты қызметкерлерге тиісті ұсынымдар берілді.
Бұл шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын іске асыруға, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенім мен тиімді кері байланысты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыруға бағытталған.
Алдағы кезеңде де мемлекеттік қызмет көрсету саласында қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасын табатын болады.

