САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында білім беру саласын дамыту, педагог мәртебесін көтеру және жас ұрпаққа сапалы білім беру мәселелерін мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде атап келеді. Президенттің тапсырмаларына сәйкес елімізде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, оқыту сапасын жетілдіру, заманауи білім беру технологияларын енгізу және мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда.

Сауран ауданының білім беру ұйымдары да аталған міндеттерді іске асыру жолында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Білім сапасын арттыруға, дарынды оқушыларды қолдауға, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге және тәрбие жұмысын күшейтуге бағытталған шаралар өз нәтижесін беруде.

Білім беру сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және педагогтердің кәсіби әлеуетін күшейту бағытында Сауран ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан мектептері 2025–2026 оқу жылының қорытынды рейтингінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары арасында өткізілген 2025–2026 оқу жылының рейтингтік қорытындысы бойынша бірқатар мектептер жүлделі орындарға ие болып, білім беру саласындағы нәтижелі еңбектің үлгісін көрсетті.

Атап айтқанда, Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы оқу жылы қорытындысы бойынша аудан көлеміндегі үздік білім беру ұйымдарының қатарынан көрініп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл көрсеткіш білім беру сапасын арттыруға бағытталған мақсатты жұмыстардың, тиімді басқарудың және педагогикалық ұжымның бірлескен еңбегінің жемісі екендігін айқындайды.

Сонымен қатар, А. Югнаки атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы білім беру қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, аудандық рейтинг қорытындысында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Мектеп ұжымының бұл жетістігі педагогтердің кәсіби біліктілігі мен жаңашыл ізденістерінің, сондай-ақ оқушылардың білімге деген ынтасының нәтижесі болып табылады.

Ал, Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектеп оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру, білім сапасын арттыру, оқушылардың оқу жетістіктерін көтеру және тәрбие жұмысын жүйелі жүргізу бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, аудан мектептері арасында жүлделі IV орынды иеленді.

Аудан мектептерінің рейтингтік көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуі – педагогтердің қажырлы еңбегінің, білім беру ұйымдары басшыларының тиімді басқаруының, ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз ынтымақтастықтың және оқушылардың білімге деген жауапкершілігінің нақты көрінісі.

Бұл жетістіктер Сауран ауданының білім беру саласының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да аудан мектептері сапалы білім беру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып, өңірдің білім көрсеткіштерін одан әрі жақсартуға өз үлестерін қоса береді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *