САУРАН: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – КІТАППЕН МӘНДІ

Жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамыту – білім беру саласындағы маңызды бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттырудың маңызын үнемі атап өтіп келеді. Кітап оқу – білімді ұрпақ тәрбиелеудің, елдің зияткерлік әлеуетін нығайтудың маңызды негізі.

Осы мақсатта Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Жазғы каникулда кітап оқимын» жобасы аясында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Жобаға қатысқан оқушылар жазғы демалыс уақытын тиімді пайдаланып, түрлі көркем шығармаларды оқып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруда.

Атап айтқанда, оқушылар Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», «Ертегісіз өткен балалық», «Ұлы Дала батырлары» және «Менің әкем» шығармаларымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті. Көркем әдебиетті оқу арқылы олар ұлттық құндылықтарды тереңірек танып, таным көкжиектерін кеңейтуде.

Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі, адамның дүниетанымын қалыптастыратын ең құнды құралдардың бірі. Сондықтан, әрбір оқушыны бос уақытын кітап оқуға арнап, білімін толықтырып, өзін-өзі дамытуға шақырамыз.

«Кітап оқығанның ойы озады!»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *