Жазғы демалыс – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, білімін толықтырып, рухани дүниесін байытатын ерекше кезең. Осы уақытты пайдалы өткізудің ең тиімді жолдарының бірі – кітап оқу және көркем әдебиетпен тұрақты айналысу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті. Президент жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру – білімді, ой-өрісі кең, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеудің маңызды алғышарты екенін айтып, оқу мәдениетін дамыту – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.
Осы игі бастаманы қолдау мақсатында Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушылары қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары – Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабаев және Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жетер жырларын мәнерлеп жатқа оқып, кітапқа деген қызығушылықтары мен әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылардың белсенділігі жоғары бағаланып, кітап оқуға ынталандыру мақсатында жетекші ұстазы оларға мотивациялық сый ретінде кітаптар табыс етті. Бұл бастама жас оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, жазғы демалысты мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді.
Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасы, білім мен руханияттың қайнар көзі. Әрбір оқылған шығарма тұлғаның дүниетанымын кеңейтіп, таным көкжиегін арттырады. Сондықтан кітап оқу – жарқын болашаққа бастайтын маңызды қадам.
Кітап оқитын ұрпақ – ойы озық, рухы биік, келешегі кемел ұрпақ!
