«Таза Қазақстан» акциясы аясында Сауран ауданында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сауран ауданында елді мекендердің санитариялық тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Акция барысында ауданның елді мекендеріндегі көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар, жол жиектері, арық-атыздар және ортақ пайдаланылатын аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, санитариялық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бей-берекет жиналған қоқыстар шығарылып, елді мекендердің көркін жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды.

Тазалық шарасына аудан бойынша 100-ге жуық адам қатысып, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағынан 8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, бірқатар аумақтардың санитариялық жағдайы жақсартылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендерді абаттандыру, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және туған жерге деген жанашырлық мәдениетін қалыптастыру. Осы бағыттағы жұмыстар Сауран ауданында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Аудан аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Аудан әкімдігі барлық тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және туған өлкенің көркеюіне бірлесіп үлес қосуға шақырады. Таза аула, таза көше және таза ауыл – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен ортақ міндеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *