САУРАН АУДАНЫ ОБЛЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ

2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткіші бойынша 126,3 пайызға жетіп, республика өңірлері арасында І орынға шықты.

Алғашқы алты айда өңірде 873,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 132,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 423,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 150,8 пайызға жетті. Сонымен қатар, негізгі капиталға 894,6 млрд теңге инвестиция тартылып, оның 92,6 пайызы жеке инвестициялар есебінен қалыптасты.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері негізінде жүргізілген рейтинг қорытындысына сәйкес, аудан және қала әкімдіктері арасында Сауран ауданы І орынға ие болды. Үздік үштікке сондай-ақ Түлкібас және Қазығұрт аудандары енді.

Сауран ауданының көшбасшылық көрсеткіші өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың тиімді іске асырылуының, кәсіпкерлікті қолдау шараларының және әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Алдағы уақытта да ауданда инвестиция тарту, өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *