Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекет дамуына кері әсер ететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол адамның өз қызметтік өкілеттігін немесе лауазымдық мүмкіндігін жеке пайдасы үшін заңсыз пайдалануын білдіреді. Мысалы, пара алу немесе беру, таныстық арқылы заңсыз көмек көрсету, мемлекеттік қаражатты мақсатсыз жұмсау, қызмет бабын асыра пайдалану – осының барлығы сыбайлас жемқорлыққа жатады. Сыбайлас жемқорлық қоғамға үлкен зиян келтіреді. Біріншіден, әділдік қағидаттары бұзылады, заң бәріне бірдей жұмыс істемейтіндей көрінеді. Екіншіден, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі төмендейді. Үшіншіден, ел экономикасының дамуына кедергі келіп, инвестициялық тартымдылық әлсірейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Жемқорлықтың алдын алу үшін ең алдымен ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мүдделер қақтығысына жол бермеуі маңызды. Қоғам тарапынан бақылау мен азаматтардың белсенділігі де ерекше рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлық – тек құқықтық мәселе емес, ол моральдық және әлеуметтік проблема. Онымен күресу үшін заң талаптарын сақтау ғана емес, қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру қажет. Әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтеген жағдайда ғана әділ әрі дамыған мемлекет құруға болады. Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол әділдік пен заң үстемдігіне нұқсан келтіріп, қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – адамның өз қызметтік өкілеттігін немесе мүмкіндігін жеке пайдасы үшін заңсыз пайдалануы. Пара алу, пара беру, таныстық арқылы мәселе шешу, қызмет бабын асыра пайдалану – осының барлығы жемқорлықтың көрінісі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес әр адамның өзінен басталуы керек. Егер біз пара бермесек және пара алмасақ, әділдікті қолдасақ, қоғам да өзгереді. Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Оны жеңу үшін тек жазалау шаралары емес, адалдық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және ортақ жауапкершілік қажет. Алайда жемқорлықты жою тек заңмен шектелмейді. Ең бастысы – қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы, цифрландыру, қоғамдық бақылау, құқықтық сауаттылықты арттыру – індеттің алдын алудың тиімді жолдары. Әсіресе жастарды адалдыққа тәрбиелеу – болашақта жемқорлықсыз қоғам құрудың негізі. Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық – қоғамға төнген індет, ал оны жою – әрбір азаматтың міндеті. Әділдік пен заң үстемдігі сақталған жерде ғана мемлекет нығайып, халықтың әл-ауқаты артады.
Сауран аудандық СЭББ бас маманы Н. Бейсенбек.
