Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның мәртебесін арттыру және тіл мәдениетін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті нығайтуда мемлекеттік тілдің айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, қазақ тілін өмірдің барлық саласында кеңінен қолдануға ерекше назар аударып келеді.
Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы тіл мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған маңызды алаң.
Аталған байқауға Кентау қаласының «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің орыс тілі пәнінің оқытушысы Губа Ирен Дмитриевна қатысуға ниет білдірді. Бұл – мемлекеттік тілге деген құрметтің, кәсіби жауапкершіліктің және тіл саясатын жүзеге асыруға қосылған маңызды үлестің айқын көрінісі.
