Сауран ауданында «Абай оқулары» байқауы өтеді

Сауран ауданы әкімдігінің «Тілдерді дамыту және оқыту орталығы» КММ ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және жастардың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудан тұрғындары арасында «Абай оқулары» байқауын ұйымдастырады.

Байқау барысында қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды. Алғашқы кезеңде ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде Абай әндерін орындайды. Үшінші кезеңде ақынның өмірі мен шығармашылығы, қара сөздері бойынша сұрақтарға жауап береді.

Мұндай тағылымды шаралар қазақ әдебиетін, ұлттық құндылықтарды және мемлекеттік тілді дәріптеуге, өскелең ұрпақтың рухани дүниесін байытуға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Абай оқулары» байқауы 2026 жылғы 7 тамыз күні сағат 10:00-де Басқармалар үйінің 3-қабатындағы Мәжіліс залында өтеді.

Ұйымдастырушылар аудан тұрғындарын байқауға қатысуға және қазақтың ұлы ойшылының мол мұрасын бірге насихаттауға шақырады.

Өтетін күні: 7 тамыз 2026 жыл

Уақыты: 10:00

Өтетін орны: Басқармалар үйі, 3-қабат, Мәжіліс залы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *