МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру – еліміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Қоғам денсаулығын сақтау жолында тәулік бойы қызмет атқаратын дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегі қашанда зор құрметке лайық. Халықтың медицина саласына деген сенімін нығайту, дәрігерлердің кәсіби әлеуетін қолдау және еңбек жағдайын жақсарту – сапалы денсаулық сақтау жүйесінің басты кепілі.

Осы мақсатта, «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілі Динара Егамбердиева және Созақ аудандық сайлауалды штабының мүшелері Созақ аудандық жедел жәрдем бөлімшесінің еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – партияның 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстыру, денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған бастамаларды түсіндіру және медицина қызметкерлерімен ашық пікір алмасу болды.

Жиын барысында республикалық сайлауалды штабтың өкілі Динара Егамбердиева партияның денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі басымдықтарына тоқталды. Атап айтқанда, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту, цифрлық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейту және еңбек жағдайларын жақсарту бағытындағы бастамалар кеңінен таныстырылды.

Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің қоғамдағы ерекше орны атап өтілді. Адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолындағы дәрігерлердің адал еңбегі, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі азаматтардың денсаулығын сақтаудың негізгі тірегі екені айтылды. Дәрігерге деген сенім – сапалы медициналық көмектің маңызды құрамдас бөлігі әрі халық денсаулығын нығайтудың басты алғышарттарының бірі екені ерекше назарға алынды.

Сонымен қатар, аудандық сайлауалды штабтың өкілдері өңірдегі үгіт-насихат жұмыстары туралы ақпарат беріп, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері әрдайым назарда болатынын жеткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жедел жәрдем бөлімшесінің қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

Жиын соңында қатысушылар 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға шақырылды.

Дәрігердің еңбегін құрметтеу, медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету және қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайту – сапалы медициналық қызметтің, ұлт саулығының және елдің орнықты дамуының маңызды негізі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *