Сауран ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы суицид, құқықбұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет

2025–2026 оқу жылында Сауран ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жұмыс атқарды.

Бағдарлама аясында барлық мектептерге нақты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы  №1 педагогикалық кеңесте қаралып, жылдық жоспарға енгізілуі тиіс болды. Әр тоқсан сайын атқарылған жұмыстар қорытындыланып, талқылануы қажет екені де нақты белгіленді. Сонымен қатар, бағдарлама аясындағы «Қамқор», «Шабыт», «Балалар кітапханасы», «Еңбегің адал жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы», «Смарт бала» жобаларының толық әрі сапалы жүзеге асырылуы басты талап ретінде қойылды.

Бұл талаптарды жоғары деңгейде орындаған мектептер де бар. Атап айтқанда: Әл-Фараби атындағы ЖББМ, Қ.Рысбеков атындағы №5 м/и, Яссауи атындағы ЖББМ, А.Үсенов атындағы ЖББМ, Сауран, Дарын КЗ, Р.Бердібай атындағы ЖББМ, Мектеп Жаңа Иқан №1, №2, №1, С.Қожанов атындағы ЖББМ, Құмтийін, Қос-Қорған Ұлықбек атындағы ЖББМ, №4, Әйтеке би атындағы ЖББМ, А.Югнаки атындағы ЖББМ, Ж.Абдуллаев, №5, А.Байтұрсынов атындағы ЖББМ, Т.Айтжанов, Төле би, М.Қазыбеков атындағы ЖББМ, М.Мәметова атындағы ЖББМ мектептері бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізгенін көрсетті.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында А.Үсенов, М.Мұсы, Құмтүйін, Қосқорған, С.Рахимов, Ө.Жәнібеков, №3 мектептерде аудындық, аймақтық семинарар өткізілді.

Тағы бір маңызды мәселе – көптеген мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеттері ашылды. Әл-Фараби, С.Рахимов, А.Үсенов, Мектеп Жаңа Иқан №1, Қ.А.Яссауи, Сауран мектептерінде бұл жұмыстар өз деңгейін ұйымдастырылып келеді.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарына І тоқсанда – 2854, ІІ тоқсанда – 3120, ІІІ тоқсанда – 3792, ІV тоқсандада-3812 ата-ана қамтылған.

Бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 6 ақпандағы №49 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 20 ақпандағы №29 бірлескен бұйрығына сәйкес «Аутодеструктік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін, сондай-ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» құжат негізінде психологиялық қолдау және «Жасыл дәліз» алгоритмі бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Аталған алгоритм аясында қазіргі таңда тәуекел тобында барлығы  5972 оқушы анықталған. Оның ішінде:

— 37 оқушы – қызыл деңгейде;

— 296 оқушы – сары деңгейде;

— 5 639 оқушы -жасыл деңгей;

Сауран аудандық орталық ауруханасымен бірлесіп, қызыл деңгейдегі 37 оқушымен диагностикалық талдау және психологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

«Жасыл дәліз» алгоритмі бойынша 4 оқушы толық сүйемелдеуден өтті.

Сары деңгейдегі 91 оқушыларымен топтық психологиялық жұмыстар ұйымдастырылды. Жұмыстар барысында оқушылардың психикалық денсаулығын нығайту, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру, позитивті ойлау және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту бағытында тренингтер мен психологиялық қолдау шаралары өткізілді. Оқушылардың диагностикалық қорытындыларына талдау және зерделеу жұмыстары жалғасуда.

Білім  бөліміне қарасты мектептерде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыс бірнеше бағытта жүргізіледі:

1 2 3
Білім  бөлімінің жылдық жоспарына және  Сауран ауданы құқық бұзушылық профилактикасының 2025-2026 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес семинар, дөңгелек үстел, кездесулер Мектептер мен ішкі істер бөлімі, аудандық ауруханамен бірлескен іс-шара жоспары

 

Облыс  және аудан прокуратурасының  тапсырмасына сәйкес  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жасалынған «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында
45 210 470

 2025 -2026 оқу жылында  ұйымдастырылған рейдтер

Ойын –сауық мекемелерге, интернет клубтарға ұйымдастырылған рейдтер саны Ойын –сауық мекемелерде жүрген оқушылар саны Ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды
115 45 195 (ескерту берілді)

Аудандық полиция  бөлімінде тіркелген оқушылар саны

2023-2024 2024-2025 2025-2026
1 3 4

Мектепішілік есептегі оқушылар саны

2023-2024 2024 -2025 2025-2026
17 38 80

2026 жылы 12 рет Сауран ауданының әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы өтті. Комиссияда 33 мәселе қаралды. Қаралған мәселелер хаттамаға түсіп, хаттамаға сәйкес кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге заң аясында тиісті шаралар қолданылды.

Әрбір орын алған оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның орын алуына жол берген жауапты тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.

Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы мектепте орын алған құқық бұзушылық (төбелес) фактісі бойынша мектеп директорына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына және сынып жетекшісіне тәртіптік жаза ретінде «сөгіс» берілді.

Сондай-ақ, №3 жалпы білім беретін мектепте орын алған өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша мектеп директорына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Аталған мектептің педагог-психологы, сынып жетекшісі және басқа да қызметкерлері еңбек демалысында болуына байланысты оларға қатысты тәртіптік шаралар қолданылған жоқ.

Жаңа Иқан ауылында кәмелетке толмаған жасөспірім қызға қатысты жасалған зорлық-зомбылық әрекеті Жаңа Иқан №1 мектебінің 8-сынып оқушысы Б.Д. тарапынан орын алған. Аталған оқушы бұған дейін дүкеннен ұрлық жасау фактісіне байланысты есепке алынған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, мектеп қызметкерлерінің еңбек демалысында болуына байланысты мектепте зерделеу жұмыстары әзірге жүргізілген жоқ.

Балалардың жазғы кезеңдегі судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға қауіпсіздік талаптары таныстырылып, танысу парақтарына қол қойдырылды. Қол қойылған танысу парақтары аудандық төтенше жағдайлар басқармасына тапсырылды.

Аудан бойынша мектеп бітіруші түлектердің мектеп бітіру іс-шаралары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында аудан әкімінің бекіткен кезекшілік кестесі бойынша кешенді алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Бұл шараға аудандық полиция бөлімінен – 35 қызметкер, 14 патрульдік автокөлік, білім бөлімінен 15 қызметкер және ЖАО-дан 180 қызметкер жұмылдырылды. Ата-аналар мен түлектерге қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде арнайы ескертулер беріліп, мерекелік іс-шаралардың мектеп қабырғасында белгіленген тәртіп аясында өтуі қамтамасыз етілді.

Су айдындарында орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында демеушілік қаражат есебінен бөлімге қарасты барлық мектептерге бассейндер алынып, пайдалануға берілді.

Ата-аналардың және оқушылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қауіпсіздікті ескертуге бағытталған бейнероликтер мен түсіндірме материалдарды кеңінен таратылып және оларды мектептегі техникалар арқылы көрсетілді.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру

Балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы ұйымдастырылды. 52 мектепте мектеп жанындағы лагерьлердің қызметі 26 маусымнан басталды.  Оған 6681 бала қамтылды. 5656 бала тамақсыз, 1025 бала демеушілер есебінен тамақпен қамтылды. Жөндеу жұмыстарына байланысты М.Мұса, Қ.А.Яссауи мектептерінде аталған жұмыстар жүргізілмеді.

2026 жылғы қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагері Құсшата ауылында орналасқан «Балауса» лагерінде жүргізілуде. Лагерь жұмысы 1 маусымнан басталды. Жалпы жаз бойына 7 ауысымда 1000 бала қамтылды.

Сонымен қатар, жаз бойына облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Алатау», «Тау барысы» лагерлері жұмыс атқарады. «Алатау» лагерінде 6 кезеңде 96 бала,  «Тау барысы» лагері 7 ауысымда 70 бала қамтылса, Қонаев қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 7 бала барды.

Жалпы биыл 7854 бала жазғы лагермен қамтылды.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *