«ЖАСТАР FEST: АРМАН. ӘУЕН. ЖАСТЫҚ.» АТТЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Сауран ауданында жастардың шығармашылығын қолдау, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру және мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Жастар Fest: Арман. Әуен. Жастық.» атты салтанатты кеш өтті.

Мерекелік шараны Сауран ауданының Жастар ресурстық орталығы мен Сауран аудандық Мәдениет үйі бірлесіп ұйымдастырды.

Кеш барысында ауданның белсенді әрі өнерлі жастары өздерінің шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, көрерменге ән мен биден концерттік бағдарлама ұсынды. Жастардың орындауындағы әсем әндер мен заманауи және ұлттық нақыштағы билер кештің мазмұнын айшықтап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында жастардың қоғамдағы орны, олардың жаңа бастамалары мен шығармашылық ізденістерін қолдаудың маңызы атап өтілді. Аудан  жастарына өз таланттарын дамытуға, қоғамдық өмірге белсенді араласуға және ел игілігіне бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берудің маңыздылығы айтылды.

Көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметі кештің жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *