СОЗАҚ: МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімдігі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаевтың, сондай-ақ Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Б. Смахованың қатысуымен қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара аясында Созақ ауданы әкімдігінің «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы» бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мониторинг жасалды.
Бақылау барысында бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен, қолданыстағы стандарттарымен танысу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, өтініш үлгілері орналастырылған ақпараттық стендтердің мазмұны, ұсынылатын қызметтер туралы ақпараттың өзектілігі мен қолжетімділігі зерделенді.
Қызмет алушыларды қабылдаудың ұйымдастырылу деңгейі, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған қолайлы жағдайлар қаралды.
Қорытындысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және қызметтерді тиісті деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *