САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРМЕҢКЕДЕ САТЫЛДЫ

Түркістан қаласының Яссы секторында өткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесіне Сауран ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері белсенді қатысты.

Жәрмеңке барысында аудан кәсіпкерлері мен шаруалары ет және сүт өнімдерін, қаймақ, жұмыртқа, көкөніс және күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік түрлерін тұрғындарға ұсынды. Өнімдер тікелей өндірушіден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30–50 пайызға дейін төмен бағада сатылды.
Сонымен қатар, Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары саудаға шығарылды. Аталған шара тұрғындарды қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етуге және жергілікті өндірушілерге өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *