ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС: ӨТІНІШТЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚАРАЛДЫ
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға 8 азамат қатысып, жалпы 9 мәселе көтерілді. Тұрғындардың өтініштері баспана, жұмыспен қамту, жер қатынастары, электрмен жабдықтау, әлеуметтік нысандар, қоғамдық көлік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты болды. Қабылдау барысында Қарашық ауылдық округінің тұрғыны мақта шаруашылығындағы зиянкестермен биологиялық әдіс арқылы…
