САУРАН: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Осы міндеттерді іске асыру аясында, Сауран ауданы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында алкоголь өнімдерін сататын сауда орындары мен қоғамдық тамақтану нысандарында профилактикалық-түсіндіру және рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында кәсіпкерлер мен сауда қызметкерлеріне қолданыстағы заңнама талаптары жан-жақты түсіндіріліп, кәмелетке толмаған азаматтарға алкогольдік ішімдіктерді сатуға заң жүзінде қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылық анықталған жағдайда қолданылатын әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы ақпарат беріліп, арнайы түсіндірме жадынамалар таратылды.

Жастардың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-аналардың, білім беру ұйымдарының, кәсіпкерлердің және жалпы қоғамның ортақ жауапкершілігі. Өскелең ұрпақтың зиянды әдеттерден аулақ болып, білім мен ғылымға ұмтылуы, рухани және адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруі елдің жарқын болашағының кепілі болып табылады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауларында жастарды қолдау, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау, құқықтық мәдениетін арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру міндеттеріне ерекше назар аударып келеді. Осыған сәйкес, елімізде балалардың құқықтарын қорғауға, олардың жан-жақты дамуына және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Сауран ауданында да жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы профилактикалық шаралар тұрақты түрде жалғасады. Себебі, заң талаптарын сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жарқын болашағына жағдай жасау – әрбір азаматтың азаматтық парызы әрі ортақ міндеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *