СОЗАҚ: 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай ақ жаулықты аналардың шаңырағында болып, құрмет көрсетті.
Мерекелік сапар барысында ұзақ жылдар медицина саласында еңбек еткен, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты аналарға алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді. Атап айтқанда, 25 жыл медицина саласында қызмет атқарған Ишанбекова Азиза апа мен Білісбекова Әсемкүл апалардың, көпбалалы ардақты аналар Рыспан Қасымова, Анар апа және Бакенова Ибакул апалардың шаңырағында болып, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, Қарабұлақ елді мекенінің тұрғыны, 1939 жылы дүниеге келген Салиха Сейсенова апаның да шаңырағына арнайы барып, құрмет білдірді. Кездесу барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы аналардың ел үшін еткен еңбегі мен отбасы құндылықтарын дәріптеудегі рөліне ерекше тоқталып өтті.
– Сіздер ұрпаққа өнеге, қоғамға үлгі болған жандарсыздар. Бүгінгі бейбіт өмір мен берекелі тіршіліктің негізінде Сіздердің адал еңбектеріңіз бен ақ баталарыңыз жатыр. Алғыс айту күні – Сіздердей асыл жандарға ризашылық білдіретін тағылымды мереке, – деді аудан басшысы.
Шара барысында аналарға сый-сияпат табысталып, ақжарма тілектер айтылды. Өз кезегінде ақ жаулықты әжелер ел амандығын тілеп, батасын берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *