Созақ ауданында халықты МӘМС жүйесімен қамту бағытындағы жұмыстар

Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласын дамыту және медициналық қызмет сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Түркістан облысы Созақ ауданында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу және жүзеге асыру жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) — Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының  активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға кеңейтілген медициналық көмек көрсетуді көздейтін, мемлекет тарапынан реттелетін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Жүйе Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ресми түрде қолданысқа енгізілді.

Жалпы елімізде  медициналық көмек екі деңгейлі пакет арқылы қаржыландырылады. Олар:

1.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі: Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға тегін беріледі. Оған жедел жәрдем, алғашқы санитарлық көмек, онкологиялық скринингтер және әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі көмек кіреді.

  1. МӘМС пакеті: Тек жүйеде «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтарға арналған. Оған тар бейінді мамандардың кеңесі, КТ/МРТ, УДЗ диагностикасы, жоспарлы оталар, стационарлық ем және тегін дәрі-дәрмектер кіреді.

Бүгінгі таңда Созақ ауданы бойынша халықты сапалы, қолжетімді және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамту мақсатында жергілікті емдеу мекемелері заманауи талаптарға сай қызмет көрсетуде. Бұл бағытта тұрғындарды сақтандыру жүйесіне тарту, олардың медициналық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау шаралары үздіксіз жүргізіліп келеді. Жалпы бұл жүйе денсаулық сақтау саласын сапалы әрі жаңа деңгейге көтерудің негізгі тетігі болып табылады.

Аудан көлемінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі толыққанды іске қосылып, барлық аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жалпы аудан бойынша МӘМС жүйесінің жүзеге асырылу барысы әртүрлі бағыттарда көрініс табуда. 2026 жылғы жарналар мен төлем мөлшерлемелері МӘМС жүйесіне төлемдер азаматтардың ресми табысына байланысты пайыздық мөлшерлемемен немесе бекітілген сомамен есептеледі. Әрбір азамат өз мәртебесін ресми ақпараттық ресурстар арқылы ЖСН көмегімен кез келген уақытта тексере алады.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Созақ аудандық орталық ауруханасы» және оған бағынысты ауылдық амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттер МӘМС жүйесінің ресми жеткізушілері болып табылады. Сақтандырылған тұрғындар учаскелік дәрігердің жолдамасы арқылы бейінді мамандардың қабылдауынан, зертханалық талдаулардан және күндізгі стационардан тегін өте алады. Аудандық аурухананың мамандары пациенттерді қабылдау барысында МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен пакеттері туралы үнемі кеңес беріп келеді. Мемлекет тарапынан 15 жеңілдік санатына жататын азаматтардың, яғни балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар т.б. МӘМС жарналарын жергілікті әкімдіктер мен мемлекет төлеп келеді.

Тұтастай алғанда, Созақ ауданында МӘМС жүйесін іске асыру бағдарламасы халықтың денсаулығын жақсартуға және өңірлік денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарына толық сәйкес келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *